ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.
Заң жобасына депутаттар 2019 жылғы Президент Жолдауынан кейін бастама көтерді. Ол бойынша елдегі отбасылық-тұрмыстық жанжалдар санының өсуі туралы айтылған. Заң жобасы 10 айдан астам уақыт Парламентте талқылануда. Жұмыс топтары тоқтамай заңнама аясында жұмыс істеуді жалғастырды.

Көпті алаңдатқан заң жобасына Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев та өз пікірін білдірді. Президенттің айтуынша, өзекті мәселелер кеңінен талқылануы тиіс.
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы қоғамда қызу талқыға түсуде. Бұл – орынды. Өзекті мәселелер кеңінен талқылануға тиіс. Оның нормаларын мұқият қарап, барлық пікірлерді ескерген жөн. Басты міндетіміз – әйелдер мен балалар құқығын қорғау»-, деп жазды Мемлекет басшысы Тwitter парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу және оны палатаның талқылауына шығармау туралы шешім қабылдады.
Қазір заң жобасында Парламенттен басқа 55 ұйым жұмыс істейді. Мәжіліс отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алды. Яғни, құжат заңды күшіне әлі енген жоқ.