«Есіктен есікке» акциясы аясында аудан ардақтыларын «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды

20 желтоқсан күні мәжіліс депутаттығына үміткерлер Тәжмағамбетова Мақпал Мазаковна және Дигай Дамир Анатольевич «Есіктен есікке» акциясы аясында Ескелді ауданының
жеке шаруашылық кәсіпкері Цай Сергей мырзаның үйіне және ауданымыздың ардақты ардагер ұстазы Байзақова Айтолқын апамыздың үйінде, сонымен қатар көпбалалы батыр ана Мененбаева Анар анамыздың үйінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Кездесу барысында кандидаттар 2016-2021 ж.ж. партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, жеткен жетістіктері жайлы айтып, 2021-2025 ж.ж. арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Сонымен қатар тұрғындарымыздың қандай ұсыныстары, сұрақтары, мәселелері бар екенінен құлағдар болып, назарларына алып қайтты.