Кандидаттар аудан тұрғындарымен тікелей эфир және бейнебайланыс арқылы кездесу өткізді

2020 жылдың 18 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мейірбекова Раушан Білісбекқызы, Керікбаев Дархан Нұрланұлы аудан тұрғындарымен тікелей эфир және бейнебайланыс арқылы кездесу өткізіп, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Онлайн кездесу барысында 2020 жылдың елімізге оңайшылыққа түспегені жайлы, күллі адамзат жаратылысына осы бір індет құндылықтың орындарын реттестіріп бергенін, ең бірінші орында адам өмірі мен денсаулығы екеніне көзіміздің жеткендігі жайлы әңгіме айтылды. Осы бір қиын-қыстау кезеңде «Nur Otan» партиясы әркез халықпен бірге екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Шара соңында аудан тұрғындарының қойылған сұрақтарына жауап қайтарылып, ұсыныстары назарға алынды.