«Nur Otan» партиясының кандидаттары Алдабергенов ауылының тұрғындарымен кездесті

17 желтоқсан күні сағат 14:00-де облыстық мәслихат депутаттығына және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер, аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Ескелді ауданы, Алдабергенов ауылының тұрғыны, партия ардагері Т.А. Мүсәпіровтің үйіне барып, Алдабергенов ауылының тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кандидаттар 2016-2021 ж.ж. партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы, жеткен жетістіктері жайлы айтып, 2021-2025 ж.ж. арналған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап берді.


Шара соңында кандидаттар тарапынан үгіт-насихат парақшалары таратылып, Т.А.Мүсәпіровті және ауыл тұрғындарын 2021 ж. 10 қаңтар күні сайлауда «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.