«Nur Otan» партиясы кандидатының Жалғызағаш ауылындағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысы

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы Жалғызағаш ауылының тұрғындарымен Skype әлеуметтік желісінде онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен ауыл тұрғындарын
таныстырып, «Nur Otan» партиясының бүгінгі күнге дейін атқарылған ірі жұмыстарын
еске түсірді. Алдағы уақытқа партияның қойып отырған нақты мақсаттарымен бөлісіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Әңгіме барысында ауыл тұрғындары көкейдегі сұрақтарға жауап алып, сөз соңында «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, партияға сенім артатындығын айтып, жылы лебіздерін білдірді.