Аптаның алғашқы күні аудандық мәслихатқа үміткерлер Идрисов Дәулет Садырұлы және Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы Сырымбет және Қайнарлы ауылдық округтерінде болып қайтты. Кездесу барысында ауыл ішінде үгіт-насихат жұмыстары қалай жүріп жатқанын
көріп, Мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен жиналыс өткізді.
Жиын барысында тұрғындармен осы жылдың қорытындыларын келтіріп, қиын-қыстау кезеңде «Nur Otan» партиясы халықпен бірге екенін, бірлескен күшпен алдағы уақытта үлкен жеңістерге жетеміз деген ниетін білдірді. Сонымен қатар қазіргі таңда еңбек етем деген жанға барлық мүмкіндіктер жасалып жатқаны жайлы, еліміздің жағдайын жан-жақты дамыту, соның ішінде міндетті түрде тұрақты жұмыс орындарын ашу, баршаға тең мүмкіндік жасалу жолдарын қамтамасыз ету жайлы, дәрігерлерге жоғары жалақы, медицинаға кешенді қолдау көрсету мәселелері бірлесіп қолға алынып жатқаны жайлы мәлімдеді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығын жаңғыртып, ауылдың әл-ауқатын көтереміз деген жанға ынта беретін өзекті әңгімелер көтеріліп келді.
Жиын барысында тұрғындар көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алып, кандидаттарға уақыт тауып келіп, осындай мағынасы бар жиын өткізіп жатқандықтарына ризашылықтарын білдірді. Тұрғындар партияны қолдап, еліміздің қамы үшін өз дауыстарын партияның үлесіне қосамыз деген ниеттерін білдірді.