«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» деген ұранды ұстанып отырған «Nur Otan»
партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуде. Кезекті жиын Алдабергенов ауылдық округінде жалғасын тапты, бұл жолы Қазақстан Республикасының мәжіліс депуттатығына үміткер Мақпал Тәжмағамбетова ауыл тұрғындарымен жүздесіп қайтты.
Ауыл халқымен пікір алмасып, ел ахуалын білейік, жоспарлармен бөлісейік деген ниетпен келген үміткеріміз ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелерді талқыға салып, партияның сайлауалды бағдарламасымен тұрғындарды жақынырақ таныстырып шықты. Талқыланған мәселе ішінде ауылда спорт кешені, балаларға үйірме сабақтары, жастарға бос уақытын қызықты әрі тиімді өткіузге болатын мүмкіндіктер туса екен деген ұсыныстар түсіп жатты.
Осы орайда Мақпал Тәжмағамбетова әр сұрақты қапыдан құр қалдырмай өзіне белгілеп, жоғарғы жаққа жеткізуге, мәселелердің жақын арадағы уақытта өз шешімдерін табуына барынша ықпал етуге әрекет ететіндігін мәлімдеді.