«Nur Otan» партиясының үміткерлері Жалғызағаш ауылының халқын нақты жоспарларымен жақынырақ таныстырды

«Әр азамат сапалы өмірге лайық!» деген ұранымен «Nur Otan» партиясы сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізуін жалғастыруда. Желтоқсан айының 22-ші жұлдызында аудандық мәслихатқа үміткерлер және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жалғызағаш ауылдық округінде кезекті жиындарын өткізді.
«Nur Otan» партиясының үміткерлері, ауыл-аймақты аралап жүргеніне құлағдар болған
халық сұрақтарын арқалап, үміткелерімізді күтіп отырған екен.


Жиын барысында тұрғындар көкейкесті сұрақтарына мыңдаған жауап алып, партияның айқындалған жоспарларымен жақынырақ танысты. «Nur Otan» партиясы ауыл азаматтарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, жарық және
сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдап сол мақсатқа жету жолында нақты жоспарлары бар
екенін мәлімдейді. Партияның нақты іс-әрекеттерімен, жоспарларымен танысқан халық
ризашылықтарын жасырмады, сонымен қатар 10 желтоқсан күні өз дауыстарын «Nur Otan»партиясының үлесіне беруге ниетті екенін білдірді. Мақсатқа алынып отырған жұмыстар жай ғана сырты әдемі қапталған сөз емес, нақты қорытындысы көзге көрінетін жұмыс болатынына  халық кәміл сеніп отыр. Себебі, мұндай жұмыстарды партия алғаш рет атқарып отырған жоқ, бүгінгі күнге дейін партияның атқарған жұмыстарына халық өзі куә болып келе жатыр.