
Желтоқсан айының 22-ші жұлдызында Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық округінде «Nur Otan» партиясының атынан мәжіліс депутатына үміткер Әлімбаев Данияр Кенғазиұлы
канвассинг шарасын өткізді.
Шара барысында үміткер ауылдың беделді азаматтарымен, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты. Нақтырақ тоқталатын болсақ, үміткер «Досанов» ШҚ төрағасы, партия ардагері Қосан Сыдықұлы Досановпен және «Тайсеріков» шаруа қожалығының төрағасы, Көкжазық ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының төрағасы Ахмет Кейкімбайұлы Тайсеріковпен кездесіп қайтты.
Кездесу барысында Данияр Кенғазиұлы тұрғындарды партияның сайлауалды бағдарламасымен жан-жақты таныстырды. Бағдарламадағы әр басымдықты атап өтіп, соның ішінде ауыл шаруашылығын жаңғырту мәселесіне үлкен зейін аударып, болашақта ауылдың әл-ауқатын көтеру мақсатында айқын жүйеленген жоспарлар бар екенін айтып, ШҚ иелерінің ұсыныстарын назарға алды.
Ауыл тұрғындары да осындай шара өткізіліп жатқандығына ризашылықтарын білдіріп,
өз мәселелерін айтып қалу мүмкіндігінен қапы қалмады. Олардың сұрақтары балалардың
білім алу мәселесіне, соның ішінде қосымша үйірмелер болуын қарастырса екен деген ұсыныстарын білдіріп жатты. Үміткер партия бағдарламасында ол мәселеде егжей-тегжейлі қарастырылып қойғанын, партия алдағы уақытта 800 жаңа мектеп салуды жоспарлап отырғанын, балаларымыздың әрбір оқулықтарының сапалы болуын қолға алатындығын, сонымен қатар тегін үйірмелер мен балаларға қосымша секциялар ашылуын қаматамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтты. Соған орай педагогтердің де жалақыларын екі есе көтеру
жоспарда барын мәлімдеді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келтіретін болсақ, үгітнасихат жұмыстары сәтті орындалып, бірталай сұрақтың жауабы айқындалды.