Мүгедектігі баразаматтардың санаторлы-курорттық емі.

Қайырлы күн, оқырман! Медициналық ұйымның ұйғаруымен мүгедектігі бар азаматтар мен балаларға санаторлық-курорттық емдеу тағайындалған болса, онда бұл қызметке өтінішті ХҚО-арқылы да рәсімдеуге болатынын білесіз бе? Ендеше #oqy&toqy айдарына назар салыңыз. Ең алдымен ХҚО-ның жеңілдік терезесіне кезекті алдын ала онлайн брондап баруды ұсынамыз; Бронды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте барыңыз; ХҚО операторына келесі құжаттарды тапсырып, өтініш беріңіз: Жеке куәлік; Егер заңды өкілі жүгінген болса, мүгедектігі бар азаматтан сенімхат (нотариалды растау қажет емес); Мүгедек азамат жайлы қажетті ақпараттарды ХҚО-операторы ақпараттық жүйеден бірден енгізеді.

Егер ақпараттық жүйеде мәлімет толық болмаған жағдайда келесі мәліметтерді қосымша талап етеді: Мүгедектігіне байланысты құжаттар; Жеке оңалту бағдарламасы әзірленген іс-шаралар туралы жазба көшірмесі;

Қызмет көрсету уақыты құжат тапсырған күнді есепке алмағанда — 10 жұмыс күні. Есіңізде болсын! Мүгедек азаматқа санаторлық-курорттық емдеу медициналық ұйымның шешімімен тағайындалады. Дендеріңіз сау болсын!