Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу аясындағы кездесулер өз жалғасын табуда. Саны
да, сапасы да көз қуантар сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары шешуші кезең таяған
сайын қызу жүргізіліп жатқаны белгілі.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Раушан Білісбекқызы Мейірбекова тұрғындармен бейнебайланыс арқылы партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып қана қоймай, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ескелді аудандық филиалының ұйымдастыруымен бейнебайланыс режимінде және телефонмен хабарласқан азаматтарды жеке мәселелері бойынша ақпарат беріп, сұрақтарға жауап берді. Қабылдау барысында әлеуметтік мәселелер, жер, үй алу жайында, білім саласы бойынша сауалдар қойылды. Қабылдауға қатысқан азаматтардың мәселелері сайлауалды бағдарламада қарастырылғаны туралы ел құлағына егжей-тегжейлі жетіп жатты. Аудан тұрғындарының талап-тіліктерін, мұңмұқтаждарын мұқият тыңдады. Оларды алаңдатқан мәселелерді атқарушы биліктің алдына көтеріп, оң шешімін табуы үшін еңбектеніп, алдағы уақытта бар мүмкіндікті жасауға тырысатынын айтты.
Сонымен қатар Раушан Білісбекқызы депутаттыққа ұсынылғандағы мақсат-мүдделерін айтып, халықтың мұң-мұқтаждықтарын ескерусіз қалдырмай, билікке жеткізуді көздейтіндіктерін түсіндірді. Басты партияның болашағы зор екенін алға тартып, аудан тұрғындарын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.