Халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жеті басымдық туралы сөз қозғалды

Ауданымызда кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жумыстары қарқынды жалғасуда. Айдың 23-ші жұлдызында аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Жаңалық ауылының турғындарымен кездесті.


Кездесу барысында тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жеті басымдық туралы сөз қозғалды. Жиын ашық форматта өтіп, ешқандай баяндама оқылмады.
Тұрғындармен ашық сұхбат құрылды. Тұрғындардың өтініш-тілектеріне де назар аударылды. Кандидаттарға сәттілік тілеген ауыл тұрғындары арыз-армандарын да айта
кетті.
Жол, жарық, газ, коғамдық көлік, интернет байланысының ақаулары, атқарушы органдардағы бюрократизм, кәсіпкерлерге берілетін төмен пайызды несие мәселелері
көтерілді. Кандидаттар барлық аманаттарды жазып алып, болашақ еншісіне байлап
қойды.