«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламалардың жобалары еліміздің өңірлерінің, оның ішінде ең шалғай елді мекендерінің тұрғындарымен кездесу қорытындысы бойынша қалыптасқан нақты мәселелердің тізімі негізінде әзірленген.
Бұл жолы «Nur Otan» партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер
Екпінді ауылында болып қайтты.
Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында сайлауалды бағдарламасында көзделген жеті басымдықпен тұрғындарды жақынырақ таныстырып, әрқайсысына жеке тоқталып, ауыл тұрғындармен пікір алмасып қайтты.
Екпінді ауылының тұрғындары өздерін көптен бері мазалап жүрген мәселелерді тарқатып айтып берді. Үміткерлер тұрғындардың өтініштерін жазып алып, күн тәртібіне қарастыратындарын мәлімдеді.
Тұрғындар партия үміткерлерінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.