ТӘУЕЛСІЗДІК — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «МЕDIABILIM» журналы және «ӨРЛЕУ» порталы оқушылар арасында қашықтықтан республикалық өнер байқауын ұйымдастырды.

«Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры» атты республикалық байқауда Қазақстанның барлық түпкір-түкпірінен белсенді де озат оқушылар қатысып, өз өнерлерін паш етті. Солардың бірі болып Ескелді ауданы Шестаков атындағы орта мектебінің 3-5 сынып оқушылары өнерлерін көрсетіп, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Алғырлықтарымен оза шауып, оқушылар жоғарғы дәрежеден көріне білді. Қойылған талаптарға сай 3-сынып оқушылары Газиева Райда, Темір Әсия, Конищева Карина, 5-сыныптан Шевеле- ва Амина, Қазыбаева Диана, Газиева Раяна қатысып, үздік шығармашылық жұмыстарын танытты. Оқушылар үйлерінде болса да білім мен өнер саласынан тыс қалмай, өз қабілеттерін көрсете алуға мүмкіндік алып
жатыр. Осындай байқаулар оқушылардың білім мен өнерге қызығушылықтарын арттырып, алдағы уақытта да үлкен бағыт беретіні анық.

Айман КӘРІПБАЕВА,
Шестаков атындағы орта мектебінің ұстазы.