Жақында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ауылым – алтын бесігім» байқауы өз мәресіне жетті.
«Ауылым – алтын бесігім» атты облыстық байқаудың қорытынды жиыны 3 желтоқсан күні облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Салтанат сарайында өтті.
Биылғы өткізілген байқауға жылдағыдай тек мәдениет үйлері ғана емес, кітапханалар мен музейлер де қатысты.
Шараны облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли ашып, марапаттау рәсімін жүргізді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен «Ауылым – алтын бесігім» атты ауылдық Мәдениет үйлері мен клубтары арасындағы байқауды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ескелді аудандық Мәдениет үйі марапатталды.
Сонымен қатар, ауылдық кітапханалар арасындағы байқауда жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Ескелді ауданы Н.Алдабергенов ауылдық кітапханасы мен Қоңыр ауылдық Мәдениет үйі марапатталды.
Осындай үлкен жетістіктермен көрінген Ескелді аудандық Мәдениет үйінің ұжымын және Н.Алдабергенов ауылдық кітапханасы мен Қоңыр ауылдық Мәдениет үйін шын жүректен құттықтаймыз. Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, еңбекте тек жемісті болуды тілейміз!
Өз тілшіміз.