11 желтоқсан күні аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ресми ашылуы өтті. Ашылуға штаб мүшелері, сенім білдірілген азаматтар, партиялық тізімге енгізілген аудандық мәслихат депуттатығына кандидаттар, БАҚ өкілдері
қатысты. Іс-шараны штаб жетекшісі, аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Садырұлы Идрисов ашты.
Штабтың ашылу барысында, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимұрат Көпбайұлы
Боранбаев пен партия ардагері Қалабек Тастанбайұлы Тастанбаев сөз сөйлеп, партияның
бүгінгі таңдағы орасан зор жетістіктерін тілге тиек етті. Сонымен қатар болашақта бұдан
да зор жетістіктерге бірлесіп қол жеткізетінімізге сенімдерін білдірді.

Штабтың ашылуы партияның үгіт-насихат науқанын ресми түрде басталғанын көрсетті.
Іс-шара толықтай санитарлық талаптарға сәйкес, яғни тазартқыштардың орнатылуымен, термометрдің көмегімен және келушілердің міндетті түрде бетперде киюімен өткізілді.

Партияның үгіт-насихат науқанының ресми басталуына орай «Jas Otan» ЖҚ «Қазақстан үшін дауыс бер!» атты партиялық флэш-моб ұйымдастырылды. Флэш-моб ұйымдастырушы жастармен шағын әңгіме барысында олар өздерінің болашақтарына сеніммен қарайтынын елімізде озық білім алып, ғылыммен айналысуына барлық мүмкіндіктері бар екенін жеткізді. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру үшін ерінбей еңбек етіп, бәсекеге қабілетті азаматтар боламыз деген ниеттері мен биік рухтарын көрсетті.

Мәслихат депутаттығына кандидаттар Қарабұлақ ауылының тұрғындарымен газ құбыры желілерін салу мәселелері бойынша онлайн кездесуді өткізді. Жиын барысында кандидаттар келесі ақпараттармен бөлісті.
2020 жылға Қарабұлақ ауылын газдандыру үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге
бөлінді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын «МБК Құрылыс» ЖШС директоры Нұратбек Қабенұлы Манапов атқарады, шарт 1,4 млрд. теңгеге жасалды, газ құбырының ұзындығы 160 км құрайды, жұмыстардың аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың қараша айы. Бірінші іске қосу құбыры бойынша 2,7 км жоғары қысымды, орташа 19 км, төмен 79,2 км, барлығы 100,9 км құбыр төселді. Қарабұлақ ауылының тұрғыны 16000 мыңға жуық адамды құрайды, 5172 абонент, 250 өтінім берілді, 73 абонент газ тарату желілеріне қосылды. Абонент үшін қосылу құны 1 метрге 2100 теңгені құрайды, газ қазандықтарының бағасы 160-200 мың теңге аралығында, стандартты қазандықты монтаждау 25 мың теңге. Бір абонентті толық қосудың орташа құны 250-300 мың теңге болады. Сондай-ақ, «ЖетісуОблГаз» ЖШС арқылы материалдар мен жұмыстарды 8 ай мерзімге бөліп сатып алуға мүмкіндік бар екені айтылды.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Александр Викторович Хильниченко Ақын
Сара тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарымен бүгінгі
таңда қандай мәселелердің алаңдық туғызып отырғанын, қандай ұсыныстарының бар
екенін және өзге де мәселелер жайлы сөз қозғалды. Әңгіме соңында ауыл тұрғындары
кандидаттардың уақыт бөліп келіп, осындай жиындар жасап, ауыл мәселелерін талқыға түсіріп, назардан тыс қалдырмай жатқандығына ризашылығын білдірді. Мәслихат депутаттығана кандидат Александр Викторович Хильниченко мырза да еліміз бен жерімізді
бірлесіп көркейтетінімізге, уақыттың сынақтарына төтеп беріп, жарқын болашаққа бірлескен күшімізбен қол жеткіземіз деген сенімін білдіріп, сөз соңын «Қиындықты еңсеріп, жеңіске
бірге жетеміз» деген «Nur Otan» партиясының ресми слоганымен аяқтады.
