ЕРЕКШЕ БАЛА — БОЛАШАҚ ДАНА

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек: «…Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз», – деп атап көрсеткен.

Ерекше бала – болашақ дана. Ерекше білім беруді қажетететін балалар қазіргі қоғамның
ерекше бір бөлшегі. Біздің арнайы мамандардың мақсаты – ерекше балаларды дамыту, қолдау көрсету, ата-анамен бірлесіп дұрыс бағыт-бағдар беру. Ерекше бала кім, қандай?Атақты суретші Леонардо Да Винчиді білетін боларсыз. Диагнозы – ДЦП. Қазіргі ерекше бала деп отырғанымыз дәл осы тұлғаға тікелей қатысты. Міне, осындай солақай суретші әлемге танымал Мона Лиза суретінің авторы. Дүние жүзінде осындай диагнозы бар әйгілі тұлғалар жетерлік. Соның бірекеуіне тоқталсам. Моцарт, Эйнштейн, Мария Кюри, т.б.
Ал ерекше балалардан осындай тұлғалар шығару үшін не істеуіміз керек? Ол үшін алдымен ата-анадан үлкен көмек, қолдау, балаға деген сенім керек. Ерекше баланың ерекше дарынын ашу үшін жағдай жасап, қоғамнан шектемеу қажет. Әр баланың қалауы бар, құқығы бар.
Осындай мақсатпен ерекше білім беруді қажет ететін балаларға ерекше көңіл бөлген М. Мәметова атындағы орта мектебінде инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Әдетте көпшіліктің ойынша «инклюзия» сөзін мүмкіндігі шектеулі жандармен байланыстырады. Алайда шын мәнісінде бұл кабинеттің жұмысы ауқымдырақ, ерекше білім беруді қажет ететін балалар одан бөлек арнайы есепте тұрған оқушылар білім алады. Инклюзия кабинетінде оқушылардың жан-жақты білім алуына жағдай жасалған. Нақтырақ айтқанда, заманауи көрнекі жабдықтар, бұл санатқа жататын ерекше балаларға арналған құралдар, бала санасына жылдам әсер ететін, олардың қабілетін жоғарылатуды қамтамасыз ететін оқу-әдiстемелiк құралдармен жабдықталған. Инклюзия кабинеті стандартқа сай үш зонаға бөлінген:
1.Арнайы мамандардың жұмыс зонасы;
2. Балалардың оқу зонасы;
3. Релаксация (тынығу, демалу) зонасы.
Инклюзия кабинетінде арнайы мамандар жұмыс істейді. Атап айтқанда, педагог-психолог, дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог. Осы арнайы мамандарымыздың арқасында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар болашақта биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз.
Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 24.11.2020 жылы аудан көлемінде «Инклюзивті білім беру бойынша балалардың танымдық процестерін және жалпы сөйлеу тілін дамытатын инновациялық технологиялар» тақырыбында қашықтықтан семинар өтті. Семинарда мектебіміздің арнайы мамандары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, биылғы оқу жылында мектепте ашылған инклюзияны қолдау кабинетінің жабдықталуымен, көрнекіліктерімен таныстырды. Семинарда педагог-психологтар Н.Досжанова «Ерекше қажеттілігі бар балалармен түзету-дамыту жұмыстарын жүргізуде ТРИЗ (ӨТШТ) технологиясы элементтерінің тиімділігі» және Г.Магитаева «Өмірде қиын жағдайға тап болған балалармен психологтың жұмысы»,
мектебіміздің дефектологі А.Хусаинова «Түзете-дамыта оқыту сабағында ойын элементтері
арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру», мектебіміздің логопеді М.Есмурзаева «Қашықтықтан оқытуда логопед сабағындағы түзету-дамыту жұмыстары»
және әлеуметтік педагог А.Қасымбаева «Әлеуметтік педагогтың қашықтықтан оқыту кезінде инклюзивті білім алушы оқушылардың ата-аналарымен жүргізген жұмыстары» атты тақырыпта өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға аудан әдіскері Д.Занигинова және ауданның логопед-дефектологтары, педагог-психологтары қатысты.
Инклюзивті кабинет – қазіргі қоғамдағы басты қажеттіліктің бірі. Арнайы мамандар атааналармен бірлесе отырып,ерекше білім беру жолында талай жоғары нәтижелерге қол
жеткіземіз деген үміттеміз. Ерекше балалар әлемін тереңірек танып, өмір тәжірибеміздің,
мейірімнің дәндерін қондыру – біздің жұмысымыздың мәні.

Р. МЕЙІРБЕКОВА,
М.Мәметова атындағы орта мектептің директоры.