АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕСКЕЛДІ АУДАНЫНА КЕЛДІ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әли күні кеше Ескелді ауданына іссапармен келді. Ауданның тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында бірнеше нысандарды аралады.
Алдымен ат басын Қарабұлақ ауылында жаңадан бой көтерген денешынықтыру-сауықтыру кешеніне бұрды. Нысанды аралап, құрылысымен танысты. Бұқаралық спорт түрін насихаттауға бағытталған кешен Тәуелсіздік мерекесіне орай салтанатты түрде ашылады.
Облыс әкімінің орынбасары келесі кезекте Абай ауылында жаңадан салынып жатқан орта мектептің құрылысымен танысты. Рустам Әлиұлы мердігерлік компания басшысымен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырды.

Ақбота ОРАЛБЕКОВА.