ШТАТТАН ТЫС КЕҢЕСШІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Ескелді ауданында «Жетісу – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылған болатын. Кеңсе жетекшісі және аудан әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы штаттан тыс кеңесшісі ретінде ауданның Құрметті азаматы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бимұрат Боранбаев тағайындалды.

Аталған жобалық кеңсе өңірдегі жемқорлықты жоюға қарсы тосқауыл қою мақсатында 2018 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

«Жетісу — адалдық алаңының» негізгі бағыты — мемлекеттік қызмет көрсету, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыбайлас жемқорлықтан бас тартуды қалыптастыру, тұрғындардың мемлекеттік органдарына деген халық сенімін арттыру.

Айта кетейік, Ескелді ауданы әкімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісіне ешқандай жалақы төленбейді.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА