ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖАРЫСҚАН

Бүгінгі күні елдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, ауданда бірқатар
игілікті істер атқарылып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі әрі
бірегейі Ескелді аудандық білім бөлімінен Жетісу орта мектебіне жап-жаңа автобус сыйға тартылды.

Автобус Жетісу орта мектебіне қатынап оқитын Екпінді, Өрқусақ және Жеңдік оқушыларының сабаққа уақытында қиналмай үлгеріп келуіне жағдай жасау мақсатында қолданысқа берілді. Автобус заманауи талаптарға сай кең әрі сапалы жасақталынған 22 орындықтан тұрады және пайдалануға өте ыңғайлы.
Жақсылық – айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Осы атқарылып отырған игі жақсылықтың арқасында оқушылардың және ата-аналардың көңілдері жадырап, жүректерін қуаныш кернеді. Осы орайда, XIX ғасырда өмір сүрген халқымыздың жыр дүлділі Майлықожа бабамыздың:

“Жақсылық отқа күймес,
суға батпас,
Гауһар тас жарық қылмай
жерде жатпас,
Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,
Жақсылықты еткендер жаман

таппас”, – деген өлеңі еске түседі. Майлықожа бабамыз айтқандай, игілікті іс жасау гауһар тастай жарқырап қын түбінде жатпайтын, отқа күймейтін, суға батпайтын абзал әрекет. Шынымен де, жақсылық атаулының үлкен-кішісі, жақсы-жаманы болмайды. Жақсылық еш
уақытта таразыға салынбайтын, өлшеп кесілмейтін үлгілі қасиет. Адам баласын игі істерге бастайтын ізгі жүректің қалауы – жақсылық. Ол күллі тіршіліктің тұтқасы сияқты. Анығында, адам жаны жақсылыққа құмар, оны іздеп тұрады, өзіне де, өзгеге де тіленген жақсылық жерде қалмайды.
Мектебімізде көптен бері мазалаған осы жағдайдың дер кезінде шешім тауып, жүзеге асқанына ризашылығымыз шексіз. Осы жағдай, мектепке қатынап оқитын оқушылардың сабаққа келуіне аздаған қиыншылықтар тудырған болатын, осы атқарылған үлгілі бастаманың көмегімен бұдан кейін оқушыларымыз еш алаңсыз білім алатын болды. Бұл бастама білім сапасының және қауіпсіздік шарасының артуына өз үлесін қосатынына бек
сенімдіміз. Мектебімізге қатынап оқитын оқушылардың денсаулығын және өмір сапасын жақсарту мақсатында ұйымдастырылып отырған аудан әкімшілігінің игілікті іс-шарасына алғысымыз шексіз.

Жетісу орта
мектебінің ұжымы.