СТАТИСТИКА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Биыл 8 қарашада Қазақстанның мемлекеттік статистика органдарының құрылғанына 100 жыл толды.
Қазақстан тарихында бірыңғай орталықтандырылған орган 1920 жылдың 8 қарашасында құрылған. Еліміз тәуелсіздік алған соң Елбасының жарлығымен осы күн статистика күні болып белгіленді.
Бүгінгі таңда ауданымыздың статистика бөлімі осы саланың қалыптасу мен дамуының өткелдерінен бірге өтіп, алдына қойылған міндеттерді абыроймен атқарып келеді.
Статистика күні кәсіби мереке қарсаңында аудан әкімі Рауан Рақымбеков аудандық статистика бөлімі қызметкерлерін арнайы қабылдады. Аудан әкімі өз сөзінде: «Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Төл мерекелеріңізде сіздерге зор
денсаулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деп, мемлекеттік мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік жиын сала ардагерлері, оның ішінде 30 жылын осы салаға арнаған ағалар әкімдікке алғыстары мен жылы лебіздерін білдірумен ұласты.
Марапаттау рәсімінен кейін естелік суретке түсті.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.