АЛАМАН БӘЙГЕДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласына қолдау көрсету мақсатында Ақсу ауданында Бөрібай батырдың ескерткіші ашылды. Облыс орталығында «Матай Бөрібай батыр» және «Бөрібай батыр» атты екі кітаптың тұсауы кесілді. Сонымен қатар ақындар арасында облыстық жыр мүшәйрасы өткізіліп, бұл тартыста өзіміздің жерлесіміз Салтанат Құмархан жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бөрібай Сарыұлы – XVIII ғасырда жоңғар шапқыншылығында ерлігімен көзге түсіп, үш жүздің халқын біріктірген тарихи тұлға. Оның өткен ғасырда атқарған ұлы ерліктері Кеңес дәуіріндегі солақай саясаттың кесірінен көпке дейін аталмай келді. Бүгінде осындай
шаралардың ұйымдастырылуы өскелең ұрпақты батылдыққа баулып, отансүйгіштікке тәрбиелейді.
Республика және облыс көлемінде өтіп жатқан жыр мүшәйраларының бірнеше дүркін жеңімпазы, ақын Салтанат Құмарханұлына алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз.
Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА.