«ЖАС ОТАУ» ЖАС ОТБАСЫЛАР БАЙҚАУЫ

Жақында ауданымыздың жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен «Жас отау» жас отбасылар байқауы ұйымдастырылған болатын. Алдымен онлайн форматтағы конкурс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
Бұл байқау жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтей білуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасыларды жан-жақты насихаттай отырып, болашақ жастарға патриоттық тәлім-тәрбие беру мақсатында өткізілді.
Үш кезеңде өткен сайысқа 5 отбасы қатысып, бақ сынасып, араларынан 1-ші орынды Көкжазық ауылдық округінен Қуанышевтар отбасы, 2-ші орынды Қарабұлақ ауылдық округінен Исаевтар отбасы, 3-ші орынды Қарабұлақ ауылдық округінен Бекболғановтар отбасы иеленді.
Аталмыш байқауда жүлделі орынға ие болған жас отбасыларды аудан әкімі Рауан Рақымбеков құттықтап, алғыс хат пен бағылы сыйлықтармен марапаттады.
А. ЖАСҰЛАНҚЫЗЫ.