ҚАРТТАРЫМ — АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

«Қарттарымызға қамқорлық жасау – біздің перзенттік парызымыз» демекші, аудандық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік шара өткізілді.

Игі шараға аудандық мәдени шараларға белсене араласып жүрген аудандық Әжелер ансамблінің жетекшісі Байсақова Айжан  Мырзахметқызы, аудандық «Зори Семиречья» ансамблінің жетекшісі Флейшавер Надежда Назировна, кешегі мәдениет қызметкері, бүгінгі мәдениет саласының ардагері, зейнеткер Қырықбаев Нұрдаулет Бекенұлы және Топанбаева-Ашимова Күлдания Нұрбекқызы қатысты.

Шара барысында аудан көлемінде қарттармен атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндама оқылып, ардагерлеріміздің құрметіне арнап, мәдениет қызметкерлерінің орындауында концерттік бағдарлама ұсынылды. Кәсіподақ ұйымының атынан сыйлықтар табыс етілді.

Шараның соңы мерекелік дастарқанға жалғасты. Игі шара  ауданымызда жыл сайын дәстүрге айналған. Осы үрдіс, мәдениет қызметкерлерінің қатысуымен  өткізілетін жоба «Қарттарым – асыл қазынам» атты қайырымдылық шарасы Текелі қарттар үйі мен барлық ауылдық округтерде  8-9-10 қазан күндері жалғасын таппақ.

Ардақ КӨмекова,

аудандық Мәдениет үйінің әдіскері.