БЕЛГІЛІ САЯСАТТАНУШЫ ЕСКЕЛДІЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасы мен өңірлік коммуникациялар қызметі мен Ескелді ауданының ішкі саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен белгілі саясаттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері, қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Айдос Сарым мен аудан тұрғындары арасында кездесу өткізілді.

Алғашқы сөздің тізгінін алған аудан әкімінің орынбасары Қайырғали Әлібаев Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік маңызы бар оқиғаларға қысқаша тоқталды.

Ал саясаттанушы Айдос Әміроллаұлы болса аталған бағдарламада ұлттық, тарихи, қоғами жауапкершілік тұрғысынан көп қарау керек екендігін айтты. Сонымен қатар бағдарламада ұлттық ұстаным, қызықтың болмысына ғана тән нәрселер көп айтылғанын және қазіргі кезде кейбір жазушылар мерейтойларын осы бағдарлама аясында өткізіп жатқандығын жасырмады. Көзқарас мейлінше салмақты, сарабдал және жауапкершілікті болу керек екенін баса айтты.

Кездесу барысында жиналғандар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, соған сай тұщымды жауап берілді. Сонымен қатар қоғам қайраткері «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халыққа ұғындыру жолдарын баяндап, осы тұрғыда өскелең ұрпақты тәрбиелеу тетіктерін мысалға келтірді.

Зейнегүл ЖҰМАБЕКОВА,

«Жетісу шұғыласы».