ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОҒАМ ӨКІЛДЕРІМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

Ескелді ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай Ақтасты және Қоржынбай бастауыш мектептерінде штаттық режимде оқу процесі жүргізілуде.Қалған білім мекемелері қашықтықтан білім алуда.Білім беру ұйымдары күнделікті BilimLand платформасын пайдалануда.
Көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар компьютерлермен, сөмкелермен, кеңсе тауарлармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар демеушілер есебінен Отау ТВ антенналары, смартфондар, кеңсе тауарлары табыс етілді.
Жоспарға сәйкес ата-аналар комитететінің төрайымы мен округ әкімдерімен кездесулер өткізіліп жатыр. Кездесу соңында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.