ИНТЕРНЕТ ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Ескелді ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен директордың әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларымен интернет платформаларды қолдану туралы оқыту семинары ұйымдастырылды.Семинар барысында білім беру ұйымдары таңдаған BilimLand платформасын қашықтықтан білім беру үрдісінде пайдаланудың ерекшеліктері туралы іс-тәжірибелер ортаға салынды.
Аталған платформаның қосымшалары қашықтықтан оқыту кезінде сабақты дамытуға және толықтыруға икемді құрал ретінде пайдаланылуда. Ерекше тиімділігі -барлық оқу кезеңінде әр білім алушының білім деңгейі мен нәтижелерінің динамикасын көрсетуі. Семинарда таныстырылым жасаған әдістемелік кабинеттің әдіскерлері жоғарыда аталған бағдарламалардың қашықтықтан оқыту процесінің мониторингін қамтамасыз етуге беретін мүмкіндігі туралы ақпарат берді.Семинар соңында қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.