Жуырда елімізде жыл сайын өткізілтеін Ұлттық «Бала дауысы»балалар ән конкурсының V маусым финалында Алматы облысының намысын Диханбаев Едіге қорғайды.
Едіге конкурсқа қатысқан 4 135қатысушылар арасынан суырылып шығып, кіршіксіз таза бұлақтай дауысымен, харизмасымен ерекшеленді.
Едіге небәрі 11жаста. Кішкентай жасына қарамастан туған жерін, Б. Момышұлы атындағы орта мектептің,сүйікті ұстазы –Ломанова Ольганың үмітін ақтауға дайын.
Едіге бала кезінен ән айтатынына қарамастан, домбырада шертіп, каратэменде айналысады. Болашақта Тоқтар Әубәкіров ағасы сынды космонавт болуды армандайды.
Едіге басқа қатысушыларымен бірге Конкурс финалына дайындалу үстінде. 15 қазан, Республика Сарайы сахнасында сөзі – Әбдірахман Асылбек, әні – Марсель Алсейітовжазған «Ерікті елім» атты авторлық әнін орындайды.
Құрметті жерлестер! Өнер сүйер қауым! Болашақта жарық жұлдыз болып жанатын Едігенің талабын, талантын қолдап Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының қолдауымен Ә. Назарбаеваның «ЖАНДАНУ ӘЛЕМІ» Қоры ұйымдастыратын Ұлттық»Бала дауысы» балалар ән конкурсында дауыс беріп, тілекші болайық!
Едіге барлық балақайлар үшін еңбекқорлықтың үлгісі болсын!