«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ-2020» АКЦИЯСЫ

Алматы облысының білім басқармасының 2019 жылдың 12 желтоқсандағы № 42-12/2828/1 хатының негізінде «Атамекенім» қоғамдық қорының қолдауымен www.atamekenim.kz порталында көмекке мұқтаж ата-аналар өз өтінімдерін қалдыра алатын «Мектепке жол» платформасы құрылғаны бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Білім бөлімі мектеп басшыларымен, ата-аналармен бағыттық жұмысты жалғастыру мақсатында ғаламтор желілеріне акция туралы және платформа туралы ақапараттандыру жұмыстарын жүргізді.
2020 жылдың 09 қыркүйегіне «Атамекенім» платформасына 592 ата-ана тіркелді,оған мектеп ұжымдары демеушілердің көмегімен 2 млн.652 мың 064 теңге көлемінде мектепке қажет құрал-жабдықтар,ұялы телефондар, теледидар мен компьютерлік техника алып берді.
Аудандық бюджеттен бұл шараға биылғы жылы 7 млн.427 мың теңге бөлініп, 1602 оқушыға оқуға қажет құрал-жабдықтар алынды.
Ауданда 57 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектепте білім алады, осы санаттағы балаларға Қарабұлақ ауылында орналасқан «ПЛАНЕТА» сауда үйінің қызметкерлері, 30 000 (отыз мың) теңге көлемінде, мектепке қажет құрал-жабдықтар мен киім кешекпен қамтыды,осындай шараны Жетісу орта мектебінің қамқоршылық кеңесінің төрағасы -Түкебаев Бақыт Сүйінбаевич жылдағы дәстүр бойынша қолға алып, көмегін аямауда,биылғы жылы пандемияға байланысты оқушылар қашықтан оқығанын ескеріп,60 отбасына» ОТАУ ТВ». антенналарын сыйға тартты. Көкжазық, Қайнарлы, Ешкіөлмес, Ақын Сара, Бақтыбай, Теректі, Қарабұлақ, Сырымбет, Қоңыр. Акция аясында 25 оқушыға қажет киім –кешек, канцеляриялық тауар 348 көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға көмек ретінде көрсетілді,16 балаға компьютерлік техника мен теледидар ұсынылды.

Осындай игі шаралар әлі де жалғасын табады.