ОБЛЫСТЫҚ БІРІНШІЛІКТЕ ТОП ЖАРДЫ

16-17 тамыз аралығында «Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Талдықорған қаласының Андрей Кивилев атындағы облыстық велоспорттан олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ ұйымдастырумен 2002-2003, 2004-2005, 2006-2007 жылдары туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында тас жолда велоспорттан облыстық біріншіліктен топтық жарыс өтті. Ауданымыздан қатысқан Виолетта Казакова 2004-2005 ж.т. жасөспірім қыздар арасында 20 км қашықтықта ІІ орынды иеленді.

Жалпы жарысқа Алматы қаласынан екі команда «Apple team» және  «СДЮШОР-1», Талдықорған-1, Талдықорған-2, Талдықорған-3 командалары, Текелі қаласының командасы, Қарабұлақ-1, Қарабұлақ-2, Көксу, Бақтыбай командалары қатысып, бақтарын сынады.

В.Казакова бүгінде К.Шестаков атындағы орта мектептің 8-сыныбын аяқтап, биылғы оқу жылынан бастап Талдықорған қаласындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында оқиды. Сонымен қатар бұл мектеп-интернатқа Қарабұлақ орта мектебінен М.Ким, Шымыр ауылы М.Мәметова атындағы орта мектебінен А.Фефелев, К.Шестаков атындағы мектептен Б.Дәулетбек және І.Мамек қабылданды.

З. БЕЙБІТҚЫЗЫ