«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақшылары ауданымызды көгалдандыру, аббатандыру жұмыстарына кірісті.

Қазақстан әлемдегі ең жас мемлекеттер қатарына жатады. Мұндағы халықтың басым көпшілігі бойында жалыны мен қуаты тасыған жастар. Жастардың қоғам өміріне белсене араласқаны жақсы құбылыс. Бұл орайда көптеген игі бастамалар өз жемісін көрсетіп те жатыр. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы. «Жасыл ел» бағдарламасының негiзi Елбасымыздың Жолдауы бойынша қаланған болатын. Нәтижесінде 2005 жылы Астана қаласында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының республикалық штабы құрылып, елiмiздiң барлық облыстарында филиалдары ашылды. Міне, сол кезден бастап «Жасыл Ел» бағдарламасы кең етек алды.

Биылғы жылы 1-ші жасағымыз маусымның 1 жұлдызынан бас-тап жұмысты бастады. Жұмыс қатарына 30 баланы қабылдадық. Олар өз міндеттерін жақсы біледі. Сондықтан алда атқарар әлі де жұмыстар жетерлік. Мақсатымыз белгілі.

Елбасы айтпақшы, «Елімізді гүлдендіріп, жасыл елге айналдыру» біздің басты мақсатымызға айналуы керек. Осы мақсатта аянбай еңбектеніп жатырмыз. Бұрындары бірінші маусымда қабылданған жас одан әрі қарай да жұмыс істей беретін. Үш ай еңбек ету қарастырылған болатын. Ал қазір олай емес. Бір ай бір топ, одан кейінгі екі айда екі түрлі топ жасақталатын болады. Тағы айта кетер болсам, жастарға жаңа киім үлгілері таратылды. Ескелді ауданы биыл 100 жасты жұмысқа алады. Жаз айында босқа отырмаймын, еңбектеніп, қаражат табамын деген жастар келіп, өтініш білдіріп жатыр. Сондықтан жастарға есігіміз қашанда ашық.

Серік ЖОЛДЫБАЕВ,

Ескелді ауданының жастар ресурстық орталығының жетекшісі.