Алматы облысының ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ жұмыс кестесін уақытша өзгертті

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 19 маусымдағы №17 қаулысына сәйкес аймағымыздағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары өз жұмыс кестесін уақытша өзгертті. Облыстағы барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары азаматтарды күнделікті сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін қабылдайтын болады. Осыған байланысты Халыққа қызмет көрсету бөлімдерінен қызмет алу үшін кезекті сағат 16:30-ға дейін брондау қажет. Түсіністікпен қарауларынызды сұраймыз!