Төлеңгіт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өтті

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Жанат Тәнірбергенұлы Оспанов, «Әділет» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Айдын Талғатұлы Құрманғалиев және Диас Инкибаев Төлеңгіт ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.

Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді тұрғындарға түсіндіру, олардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызын талқылау.

Ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды жетілдіру және әлеуметтік мәселелерді шешу – өңір дамуының маңызды бағыттары.

Мұндай кездесулер жергілікті тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және мемлекеттік бастамалар туралы ақпарат беруге мүмкіндік береді.