Шестаков атындағы орта мектеп ұжымымен кездесу өтті

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің директоры Жанат Тәнірбергенұлы Оспанов және «Әділет» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Айдын Талғатұлы Құрманғалиев Шестаков атындағы орта мектептің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.

Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді түсіндіру, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен білім беру саласы үшін маңызын талқылау.

Мұндай кездесулер еңбек ұжымдарымен ашық диалог орнатуға, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша пікір алмасуға және мемлекеттік бастамалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.