Жалғызағаш ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өтті

«Әділет» партиясы Ескелді аудандық филиалының төрағасы Айдын Құрманғалиев, партия мүшесі Қанат Сатанов және Ғали Тайжанов Жалғызағаш ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.

Басқосудың негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған басым бағыттар мен міндеттерді тұрғындарға түсіндіру, олардың елдің және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызын қарастыру.

Ауылдық елді мекендерді дамыту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жетілдіру және әлеуметтік мәселелерді шешу өңір дамуының маңызды бағыттары болып табылады.

Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуға және азаматтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді.