ПАРАПЛАНЕРЛЫҚ СПОРТТАН ӘЛЕМ КУБОГЫ ӨТТІ

Өткен аптада «Тау Жетісу» кешені базасында парапланерлық спорттың дәлме-дәл қону түрінен Әлем кубогы өтті.

Іс-шараның ашылу салтанатына Алматы облысы әкімінің орынбасары С.Бескемпіров, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілі С.Түсіпов, Экстремалды спорт федерациясының жетекшісі Игорь Виршки және қазылар алқасы өкілдері қатысты. Сонымен қатар әлемдік деңгейдегі қазылар алқасынан Сербия елінен Уго Матрикарди және Латвиядан Инга Поленникова шақырылды.

Осындай парапланерлық спорт бойынша жарыс Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдас-тырылып отыр. Бұл жарыс спорт пен туризм саласындағы айтулы оқиға. Жалпы жарысқа 13 мемлекеттен 100 спортшы қатысты. Ал еліміздің намысын Талдықорған, Текелі және Алматы қалаларынан келген төрт команда құрамалары қорғады.

Сайыс қорытындысы бойынша ерлер арасында І орынды Matjaz Feraric (Словения), ІІ орынды Jafto Megawanto (Индонезия), ІІІ орынды Kerem Dincer (Түркия) құрама командалары иеленді.

Ал әйелдер арасынан арасында І орынды Ike Ayu Wulansari (Индонезия), ІІ орынды Eka Nesti Wulansari (Индонезия) құрама командалары және ІІІ орынды Ivana Baiakova (Словения) құрама командаларының спортшылары жеңіп алды.

Жалпы командалық есеп бойынша үш орынды да Garuda (Индонезия) құрама командасы иеленді.

Спорттық жарысты Т. Чарапиев қорытындылады.

Оставьте первый комментарий

Отправить ответ