ЖЕЛБІРЕ, ЖЕҢІС АЛАУЫ!

9 мамыр күні аудан орталығындағы «Даңқ» алаңында ерлік пен еңбектің, Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған әскери шеру мен салтанатты шара өткізілді.

Оған жиналған соғыс ардагерлері мен тылдағы еңбекмайталмандары және көпшілікқауым Ұлы Отан соғысындақайтыс болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. 1941-1945 жылдардағы ала-пат соғыста ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, елге Жеңіссыйлаған соғыс және еңбекардагерлері мен жалпы ауданхалқын салтанатты митингідеаудан әкімі Б.Тәнекенов құттықтады. Тыл ардагері Т.Руга және№15-603 әскери бөлімінің командирі Б. Узбеканов сөз алып, елімізге бейбіт заман, ардагерлерімізге ұзақ ғұмыр тіледі. Мереке аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.