Жуырда Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов іссапармен Ескелді ауданына келді.
Жұмыс сапары барысында Ләззат Тұрлашов аудан басшысы Рауан Рақымбековпен кездесіп, газ құбырының құрылысымен танысып шықты.
Келесі кезекте Ләззат Тұрлашов Абай ауылындағы жаңа мектептің құрылысын пысықтады. Кездесуге аудандық энергетика, тұрғын үй шаруашылық басқармасы басшылары мен газ тарту жұмыстарына жауапты мердігер компания жетекшілері қатысты.
Тексеріс нәтижесінде ол мердігерлердің кемшілік тұстарына тоқталып, мектеп құрылысының сапасына үлкен назар аударуды тапсырды.
Өз тілшіміз.