Жақында Көкжазық ауылдық округінің жергілікті қоғам-дастығының жиналысы өтіп, онда округ әкімі лауазымына үміткерлер ұсынылды.
Жиналыс толығымен санитарлық талаптарға сай болып, қатысушылар арасындағы әлеу-меттік қашықтық сақталды.
Жиын барысында аудан басшысы Рауан Рақымбеков сөз бастап, ауыл тұрғындарын үміткерлердің өмірбаянымен таныстырды.
Айта кетейік, әрбір ауылдық округ әкімдерінің сайлауына 3 кандидат өз кандидатурасын ұсынды. Көкжазық ауылдық округі әкімінің лауазымына Көк-жазық ауылдық округінің әкімі Сағади Талдыбаев, Балпық би атындағы орта мектептің директоры Қанат Абдрашев және Көкжазық ауылдық округінің бас маманы Мақсат Жұмабаев кандидат болып тіркелді.
Сонымен қатар, кездесу барысында ауыл тұрғындары кандидаттар туралы өздерінің жеке пікірлерін білдірді. Ал азаматтардың ұстанымын аудандық мәслихаттың депутаты ескерді.
Белгіленген ережеге сәйкес аудан әкімі келесі кезекте Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің бос лауазымына үміткерлерді ұсынды.
Олар: Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Берік Дүйсебаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Асхат Бейісбаев, Қарабұлақ орта мектебінің директоры Айдын Баяханов.
А.ОРАЛБЕКОВА.