Мектеп бітіру туралы

Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова өзінің Facebook парақшасында мектептерде бітіруші балдарды өткізуге қатысты тыйымдар мен ұсыныстар туралы хабарлады. Вице-министрдің, мектеп әкімшілігінің және сынып жетекшілері осындай іс-шараларды өздері жүргізуі тиіс екені туралы да айтып өтті.
«Іс-шараларды өткізуге аниматорларды, мерекелік агенттіктерді, жеке студияларды тартуға жол берілмейді. Мейрамханаларда, дәмханаларда және басқа да мекемелерде бітіру іс-шараларын өткізбеу қатаң ұсынылады. Мерекелік үстелдер мен қала бойынша көшпелі экскурсияларды ұйымдастырмауыңызды сұраймыз» – деді өз сөзінде вице-министр.
Педагогикалық этиканы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуды сақтау, яғни мектеп іс-шарасын өткізуге ақшалай қаражат жинауға жол бермеу туралы айтып өтті. Сонымен қатар педагогтарға, мектеп әкімшілігіне кез келген сыйлықтар беруге тыйым салынатыны туралы жеткізді. Мектептің Қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен марапаттар мен сыйлықтарға жұмсалатын шығындардың орынсыздығы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс екендігі туралы айтты.

Аудандық білім бөлімінің баспасөз қызметі