СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ: «АДАЛДЫҚТЫ МҰРА ЕТКЕН ҰЛЫ АБАЙ»

Жастардың арасында парасаттылық идеологиясын насихаттау және терең білімнің маңыздылығын түсіндіру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен қызмет тоқсан сайын «Адалдық сағаты» республикалық акциясы өткізілуде.
Қалыптасқан жағдайда «Адалдық сағаты» дәстүрлі түрдегі кездесулердің орнына онлайн форматта өтті.
Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай онлайн дәрістің тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп анықталды. Дәріс жас ұрпақты әділ, әрі парасатты болуға шақырған ұлы ойшылға арналды.
Президент Қ.Тоқаев өзінің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайды білу – өзіңді тану. Өзін-өзі тану және адамның тұрақты дамуы, ғылым мен білімнің басымдығы – жетілудің көрінісі. Бүгінде Абайдың сөзі жас ұрпақтың бағдары болуы тиіс», – деп атап өтті.
Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды.
Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілді.
Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша Агенттікпен жүргізілетін жүйелі жұмыстар өз жалғасынатын болады.

Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=ZSM38Eh37YQ