Ескелді ауданының білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысы

Тәрбие қоғамдық құбылыс ретінде өскелең ұрпақтың қоғам өміріне, қоғамдық-өндірістік қызметке араласуы, олардың жастайынан әлеуметтік өзгеруіне, шығармашылыққа, рухани азықтануына жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін әлеуметтік-рухани үрдіс. Оқу мен тәрбие егіз ұғым. Бүгінгі күнде еліміз тарихта болмаған сондай бір киын кезеңді бастан өткеруде. Әрине, біз бұндай сын сағатта өзімізге жүктелген міндеттемені абыроймен атқарып, ел болашағы жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде аянбай бар ынта-жігерімізбен, нәтижелі жұмыс жасауымыз керек. Осыған байланысты Ескелді ауданының білім бөлімімен балаларға қашықтықтан оқыту мен қоса тәрбиелеу ісі де қолға алынып, жоспарлы түрде, балалардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, тәрбие жұмысын тиімді жүзеге асыру және пандемия кезінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында тәрбие саласы бойынша іс-шаралар атқарылуда. Атап айтатын болсақ: балалардың ерте көктемгі каникулға шығуына байланысты өмір қауіпсіздігі, техника қауіпсіздігін қадағалау үшін ата-аналарға WhatsApp чаттар арқылы жадынама таратылды. Сынып жетекшілер күнделікті білім алушылармен және олардың ата-аналарымен/заңды өкілдерімен/күнделікті байланысты жүзеге асыруда. Мектептер бойынша мектеп басшыларымен, психологтармен бірлесе балалардың жағдайын, көңіл күйлерін біліп, қадағалап отырамыз. Аудан бойынша жетім, қамқоршысыз қалған, аз қамтылған, көп балалы отбасынан шыққан балалардың әлеуметтік желілердің пайдалануының қолжетімділігін айқындап, үнемі назарға алып, көмек қажет керек жағдайда көмек беріп отырмыз. Барлық мектептерде «Біз біргеміз!» қашықтықтан оқуды ұйымдастыру жөнінде ата-аналарға арналған жиналыс ұйымдастырылды. Ата-аналарға «Қашықтықтан оқыту форматы қалай ұйымдастырылады?» сабақ кестесі, уақыты жайында, төтенше жағдайдағы оқушылардың карантин уақытындағы тәртібі, техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақталуы жайында, ата-ана ретінде қашықтықтан оқыту кезінде балаларына қалай көмектесе алады осы тақырыптар жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Мен қашықтан қалай оқимын?», «Өзіңді вирустық аурулардан қалай сақтауға болады?» сынып сағаттарын, WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы слайд, бейнежазбалар көрсету арқылы өткізді. «Біз біргеміз» атты «Адал ұрпақ», «Жас ұлан» ұйымының мүшелері мен оқушылар арасында эстафета, челлендж дайындау, үгіт насихат жұмыстары үнемі жүргізілуде. Сонымен қатар, мектептер бойынша түрлі байқаулар, бейнебаян, слайд арқылы жасалып өткізілсе, «Бақыт отбасынан басталады» атты республикалық бейне интернет-жобасының байқауына да мектептер бейнероликтер ұсынды. Сонымен қатар, алдағы уақытта Ұлы Абай Құнанбаевтің 175 жылдығына орай, Әл Фарабидің 1150 жылдығына орай қашықтықтан өткізілетін, республикалық байқауларға да аудан мектептері белсенділік танытып, қатысуда.
Өткізілген іс-шаралар «Facebook», «Инстаграм» әлеуметтік желілерге орналастырылды. Түрлі қызықты тәжірибелер арқылы балалар танымдық ақпарат алуда деп ойлаймын. Әрине, осындай сын сағатта ата- аналарымызбен дұрыс түсіністік көзқараспен бір-бірімізді қолдауымыз керек және біз біргеміз!

Ескелді ауданының білім бөлімінің
сектор меңгерушісі Ш.Жаканова