“АЛТЫН ТҰҒЫР” ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚҚА ШЫҚТЫ

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының ұйымдастыруымен өткізілген «Алтын тұғыр — 2018» байқауына қатысқан қаламгерлердің ІІІ томдық әдеби жинағының жаңа кітабы жақында ғана жарыққа шыққан болатын. Дәлірек айтқанда, «Ауыл партиясы» мен «Қазконтент» АҚ «Әдебиет порталы» интернет-жобасы бірлесіп ұйымдастырған «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби онлайн конкурсына қатысқан қаламгерлердің поэзия, проза, драма жанрлары бойынша енген үздік шығармалары топтастырылған.

Ескелді ауданы бойынша «Ауыл» партиясының төрағасы Ерназар Әбдірашев аталған шығарманы ауданның кітапханасына табыс етті. Ол ауылдың маңыздылығына, кітапқа енген шығармалардың желісіне қысқаша тоқталып кетті. Осындай өзіндік орны бар кітап біздің ауылымыздың кітапханасының сөресінен орын алсын деген ниетпен келген оқырмандарға алғысын білдірді.