Ауданымызда астық ору науқаны шілдеде бастау алды. Көктемдегі күн райының қолайлылығына сәйкес, бидай да, арпа да жерде бітік шыққан. Барлық егістік жер көлемі 54711 гектар болса, биыл нақты себілгені 50723,9 гектарды құрады.
Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған ірі шаруашылықтардың алды қазір егістіктен жақсы өнім алып жатыр. Соның нәтижесінде осы уақытқа дейін 8000 га. масақты дәнді-дақылдар 17920,6 га. тонна өнім алынды. Олардың қатарында «Хильниченко и К» коммандиттік сенім серіктестігі, «Нам Герман» ШҚ, «Сариев» ШҚ және өзге шаруа қожалықтары бар.
Біз барып қайтқан Айдын Дүйсембиновтің шаруа қожалығы болатын. Ол жерде аудан әкімінің орынбасары Ермек Әпеков пен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Керікбаевпен бірге редакция қызметкерлері бидайдың жиналу жұмыс барысын бақыладық. «Дүйсембинов» ШҚ-ның бригадирі Талғат Демеуов биыл ауа райының қолайлылығынан, көктем мен жазда жауын-шашынның тиісті мөлшерде түсуінен және дер кезінде үкіметтің қолдауынан, яғни арзандатылған жанар-жағар-май, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерді бөлуінің арқасында орақ науқаны табысты болды дейді.
Оның ішінде барлық масақты дақылдарды егу жыл басында 26317 га. жоспарланса, нақты себілгені 27000 га. құрады. Дәнді-дақылдардан 7375 га. орнына 9689,2 га. орындалып, үздік көрсеткішті көрсетті. Олардың ішінде күздік бидай 6000 га. жоспарланса, 6065 га. егіліп, осы күнге дейін 3133 га. жиналды. Жаздық арпа 17354 га. жоспарланып, 15834,4 егілсе, оның 4800 га. жиналды.
Бүгінгі күні егін орағы науқанымен қатар, облыста мал азығын дайындау жұмыстары да жүргізілуде.
Жанахмет ИСАБАЕВ,
“Жетісу шұғыласы”.