26 маусым — Халықаралық есірткіге қарсы күрес күніне орай, 2026 жылдың 21 маусымында Қарабұлақ ауылдық округінде «Жылдамырақ, биігірек, сергегірек!» атты отбасылық эстафеталық жарыс өткізілді.
Жарысқа қатысушылар белсенділік танытып, спорттық рух пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын — Ағайындылар командасы
II орын — Азаматтар командасы
III орын — Бауырлар командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Ескелді аудандық филиалы атынан арнайы медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Спорт — денсаулық кепілі,
Бірлік — отбасы берекесі!»
Осындай игі шаралар арқылы бұқаралық спорт дамып, салауатты өмір салты мен отбасылық құндылықтар кеңінен насихатталуда.
Барша қатысушыларға белсенділіктері мен ынталары үшін алғыс білдіреміз!
Г.Омарова,
«Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды
өткізу спорт клубы» КММ-сі Ескелді аудандық филиалының басшысы.