2026 жылдың 19 маусым күні Сырымбет ауылының оқушылары арасында жазғы демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Жазғы серпін» атты қызықты эстафеталық жарыс өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушылар түрлі спорттық кезеңдер бойынша сынға түсіп, өздерінің шапшаңдықтары мен ептіліктерін көрсетті. Оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен достық қарым-қатынастың жарқын үлгісін көрсете білді.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды өткізу спорт клубы» КММ-нің Ескелді аудандық филиалы атынан арнайы кубоктармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай спорттық шаралар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың салауатты өмір салтын ұстануына және спортқа деген қызығушылығын арттыруға үлкен септігін тигізеді.
Г.Омарова,
«Жетісу облысының бұқаралық спортты дамыту және спорттық іс-шараларды
өткізу спорт клубы» КММ-сі
Ескелді аудандық филиалының басшысы