БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ КӨПІР

Бүгінде татулықтың белгісі, ұйымшылдықтың көрінісі болған қоғамдық келісім кеңесі бар. Қоғамда өзіндік алатын орны бар кеңес билік пен халықтың арасын жақындастырып қана қоймай, тығыз байланыстырады.
Ауданымызда бұл кеңестің құрылғанына бірнеше жылдың көлеміндей уақыт болып қалды. Құрылған кеңестің міндеті осы кезге дейін бөлек жұмыс жасап келген ақсақалдар кеңесі, аналар, жастар кеңестерінің басын бір арнаға тоғыстырып, біріге, жұмыла жұмыстануға шақыру. Міне, енді осы кеңестер қосылып, қоғамдық келісім кеңесіне айналды.
Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Бимұрат Боранбаевтың төрағалық етуімен ауданымыз бойынша 1 аудандық, 11 ауылдық және 12 елді мекендерде қоғамдық келісім кеңестері құрылып, жұмыс істеуде.
Мақсатына келер болсақ, ұйымда әр округтен сайланған осы кеңестің өкілдері болады. Кеңес мүшелері ауылда болып жатқан келеңсіз оқиғаларды, ішкілікке салынған отбасыларды, ауылдың тазалығына мән бермейтін тұрғындарды, құқық бұзушылыққа бейім келетін жастардың тілін тауып, округ әкімімен бірлескен түрде ауыл ішінде күрделенген мәселелердің оңтайлы шешімін табуға және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға тырысады.
Яғни, бұл кеңеске ауыл тұрғындарының ілтипатына бөленген, көп көріп, көп естіген ел ағалары сайланғаны жөн.
Міне, қоғамдық келісім ке-ңесі осындай қоғамдағы олқылықтардың азаюына, тіптен жойылуына бірлесіп, еңбек ету керек. Әр округтегі осы кеңес мүшелері жиылып, осындай іс-әрекеттерге баратын тұрғындармен бетпе-бет тілдесіп, жасап жүрген ісінің қате екенін айтса, ол адам да санасына жетіп түсінер.
Бұл кеңес пікір алмастыруға, халық ойымен биліктің де санасуына керемет мүмкіндік.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.