100 000 ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты, «Алматы облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ-нің Ескелді аудандық филиалы кәсіподақ мүшелеріне әлеуметтік қолдау және материалдық көмек көрсету бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.
Аудандық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек қатынастарын бұзушылықтар, еңбекақысы сақталмайтын мәж-бүрлі демалысқа шығару немесе күштеп жұмыстан босату фактілері тіркелмеді.
Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж кәсіподақ мүшелеріне көмек көрсету назардан тыс қалған жоқ.
Аудандық филиал тарапынан 100 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Көпбалалы 5 отбасына азық-түлік және де мектептің әкімшілік мүшелеріне бетперделер тіктіріліп берілді. Ары қарай да қайырымдылық көмек көрсету жалғаса береді Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!