ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ: АПТА БАРЫСЫНДАҒЫ ЖҰМЫС

1. «Қашықтықтан оқыту жағдайында аудан білім мекемелеріндегі педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбындағы мектеп директорының әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарларымен вебинар өткізілді.
2. Аудандық «Жетісу шұғыласы» газетіне қашықтықтан оқыту барысы туралы ардагер ұстаздың, педагог-психологтар және жас маман-дардың 5 мақаласы жарияланды.
3. Қашықтықтан оқыту барысымен ата-аналарды, аудан тұрғындарын таныстыру мақсатында аудандық баспасөз орталығы құрылып, жұмыс жасалды.
4. Аудандық білім бөлімі және білім мекемелерінен ашылған call орталықтары күнделікті жұмыс жасауда.
5. Аудан оқушыларының қашықтықтан оқыту барысында қолдау көрсету, бос уақытын тиімді және пайдалы өткізу, қызығушылығы мен шығармашылығын арттыру мақсатында инстаграм әлеуметтік желісіндегі «еskeldi_balalary» парақшасына 15 жаңа пост жүктелді.
6. «Қашықтықтан оқыту жағдайында Ескелді ауданының білім мекемелеріндегі педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету» тақырыбындағы дене шынықтыру, көркем еңбек пәні мұғалімдерімен online оқыту семинары өткізілді.
7. Қашықтықтан оқыту барысында ұйымдастырылған республикалық бейнесабақтар байқауынан Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.Куджакова 3-орын иеленді.
8. Психологиялық қолдау көрсету мақсатында аудандық чатқа келіп түскен сұрақтарға кәсіби тұрғыдан ата-аналарға 40 онлайн конференция, оқушыларға 45 жеке консультация, 9-11 сынып оқушыларына 46 кеңес беріліп, 18 тренинг өткізіледі.