АУДАН БАСШЫСЫ АУЫЛҒА БАРЫП ҚАЙТТЫ

Өткен аптаның жұма күні аудан басшысы Рауан Рақымбеков жұмыс сапарымен Қаратал ауылдық округінде туындаған жағдайды бақылауға алу үшін барып қайтты.
Округіндегі жағдайды тексеру барысында Қаратал ауылдық округінің Теректі ауылында су сорғысы жанып кеткені анықталған болатын.
Қазіргі уақытта тек бір сорғы жұмыс істеп тұр, бірақ жеткілікті қысым жасамайды. Осыған байланысты кейбір көшелерге су жетпейді.
Осы тұрғыда сумен жабдықтау желісін пайдалану бойынша бірқатар мәселелерді талқылап, шешімі қарастырылды.
Халық үшін сапалы ауыз судың қолжетімділігі қашанда маңызды. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар кезінде адамдар сусыз қалмауы керек.
Бүгінгі күні барлығы дұрысталды. Жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Ескелді су құбырының қызметкерлері болған жағдайды дер кезінде түзеді, қазіргі таңда ауылда ауыз су бар.